Бекзад Нұрдәулетов бокстан Әлем кубогының финалында жеңіске жетті

Бекзад Нұрдәулетов бокстан Әлем кубогының финалында жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2025 14:50 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 85 келіге дейінгі салмақтың алтын жүлдесі үшін Үндістан өкілі Джунгумен қолғап түйістірді.

Бекзад жекпе-жек басталысымен-ақ басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші және үшінші раундта жағдай өзгермеді. Нәтижесінде Бекзад Нұрдәулетов жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін) және Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) жеңімпаз атанған еді. 

Ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: