Қазақстанның ауыр атлеттері Азия чемпионатында тағы екі медальға қол жеткізді
Сурет: olympic.kz
Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Матвей қоссайыстың қорытындысы бойынша 331 (148+183) келіні бағындырып, жастар арасында күміс жүлдеге қол жеткізді.
Өзбекстан өкілі Кудротбек Залимжонов 360 (169+191) келіні еңсеріп, алтын медальға ие болды. Ал түрікменстандық ауыр атлет Сулеймен Джафаров 327 (145+182) келі көтеріп, үшінші орынға жайғасты.

Сурет: olympic.kz
Сонымен қатар тағы бір жерлесіміз Санжар Жолтай 110 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 340 (155+185) келіні еңсерді.
Бірінші орынды Сирия өкілі Касвара Джгили иеленді: 364 (164+200) келі. Екінші орынға өзбекстандық Омидолло Олимов жайғасты: 351 (161+190) келі.
Бұған дейін Аңсар Тұрсынбектің ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазғанбыз.