2024 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық боксшы допингімен ұсталды

Өзбек боксшысы, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, Лазизбек Муллажонов, допинг , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2025 17:39 Сурет: olympic.uz
2024 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық боксшы Лазизбек Муллажоновтың тапсырған қанынан допинг белгілері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық тестілеу агенттігінің (ITA) мәліметінше, 26 жастағы спортшы ағзасынан метастерон метаболиттері анықталған.

"Спортшыға бұл жағдай жөнінде ресми түрде хабарланды және ол B сынамасын талдауды сұратуға құқылы".Халықаралық тестілеу агенттігінің мәлімдемесі

Айта кетейік, Лазизбек Муллажонов – 2024 жылғы Олимпиаданың чемпионы. Алғашқы ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы Қазақстан боксшылары үшін нағыз қорқыныш көзіне айналған еді. 2022 жылы Азия чемпионатының финалында ол Қамшыбек Қоңқабаевты, ал 2023 жылдың тамызында Нұрсұлтан Аманжоловты бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: