Назар Қожанов суға секіруден әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты
Сурет: olympic.kz
Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында суға секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Назар Қожанов өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
31 шілдеде ол үш метрлік трамплиннен суға секіруден өткен іріктеу кезеңіне қатысты.
Қожанов төрешілердің шешімімен 324,55 ұпай жинап, өз жеке рекордын жаңартты.
Нәтижесінде Назар 45-орынды иеленді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript