Астанадағы Kazakhstan Open 2025 турниріне 750-ден астам таеквондошы қатысады

Астанадағы Kazakhstan Open 2025 турниріне 750-ден астам таеквондошы қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 00:12 Сурет: olympic.kz
14–16 тамыз аралығында Астанада таеквондодан (WT) халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Федерация баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта 750-ден астам спортшы жарысқа қатысатынын растаған.

Турнирге Ауғанстан, Армения, Канада, Франция, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Оман, Люксембург, Марокко, Непал, Пәкістан, Палестина, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Тунис, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ және бейтарап мәртебеде өнер көрсететін елдерден келген спортшылар қатысады.

Жүлделер жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында сарапқа салынады.

Турнир жаңартылған халықаралық ережелерге сай KPNP K-2 жүйесі бойынша өтеді. Қазақстанда алғаш рет спортшылардың соққыларын дәл тіркеуге мүмкіндік беретін KPNP компаниясының жаңа электронды қолғаптары қолданылады.

Kazakhstan Open турнирі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: