Елена Рыбакина US Open-2025 турниріндегі алғашқы матчында жеңіліп қалды

Елена Рыбакина US Open-2025 турниріндегі алғашқы матчында жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 21:47 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Тейлор Фрицпен жұптасып ойнаған микст санатындағы алғашқы матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар ширек финалға жолдама үшін италиялық жұп – Сара Эррани мен Андреа Вавассориге қарсы ойнады. Екі сетте де есеп 2:4, 2:4 болып, қарсыластары жеңіске жетті.

Биылғы US Open ұйымдастырушылары “микст” санатында жаңа формат енгізді. Оған 16 жұлдызды жұп қатысып жатыр. Оның сегізіне “жекелей рейтингтің” жиынтық көрсеткіші бойынша кепілді орын берілсе, қалған сегізі уайлд-кард арқылы іріктелді. Жеңімпаз жұп 1 миллион доллар жүлде алады – бұл былтырғыдан бес есе көп.

Жұлдызды жұптардың қатарында: Даниил Медведев пен Мирра Андреева, Гаэль Монфис пен Наоми Осака, Елена Рыбакина мен Тейлор Фриц, Каспер Рууд пен Ига Швентек және басқа да танымал теннисшілер бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: