Анна Данилина биыл алтыншы рет WTA финалында бақ сынайды

Анна Данилина биыл алтыншы рет WTA финалында бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2025 09:45 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге АҚШ-тағы Кливлендте өткен WTA 250 сериялы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич чехиялық Анастасия Децюк пен Мириам Шкох жұбын 6:2, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.

Ойын 1 сағат 19 минутқа созылды.

Титул үшін қазақстандық-сербиялық дуэт Қытай Тайбэйінің Чжань Хаоцин және Қытайдың Синью Янь жұбымен кездеседі.

Еске салайық, биыл Анна жұптық разрядта Истборн турнирінде (Мария Боузковамен бірге) жеңіске жетті, сондай-ақ Мерида, Лондон және Ноттингем турнирлерінде финалист атанды. Бұған қоса, Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының финалына дейін жеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: