Рыбакина Ningbo Open-2025 турнирінің ширек финалына қиындықпен өтті

Рыбакина Ningbo Open-2025 турнирінің ширек финалына қиындықпен өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 20:48 Сурет: instagram.com/wta
16 қазанда Қытайдың Нинбо қаласындағы корттарда Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина турнирді сәтті бастап, алғашқы айналымда украиналық Даяна Ястремскаяны жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымындағы кездесу әлемнің тоғызыншы ракеткасы Рыбакина үшін оңайға соқпады. Ол қарсыласын үш сетте жеңді: 6:4, 6:7, 6:3.

Әйелдер рейтингіндегі 30-орында тұрған Ястремскаяны жеңу үшін Рыбакина 2 сағат 48 минут уақыт жұмсады.

Енді 17 қазанда Рыбакина жартылай финалға жолдама үшін Аустралия өкілі, әлемнің 104-ракеткасы Айла Томляновичпен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің ширек финалына өткенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: