Ресейлік БАҚ Елена Рыбакинаның жетістігі жайлы жарыса жазуда
Сурет: Instagram/wta
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның WTA-2025 маусымдық финалындағы ойыны ресейлік спорт сайттарының назарынан тыс қалмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейдің әйгілі Sports.ru спорт порталы Елена Рыбакинаның WTA-2025 маусымдық финалына шығуын жоғары бағалап, оның сенімді ойынын және маусым бойы көрсеткен тұрақты нәтижелерін ерекше атап өтті.
Басылымның жазуынша, Рыбакинаның тәнті етерлік басты қасиеті – оның күрескерлігі. Маусым барысында ол жеңіске жетуге өте жақын тұрған бірнеше матчта ұтылып қалған болатын.
"Ол үшін жеңіс – үйреншікті нәрсеге айналды. Қазір оның жеңіс сериясы – 10 матч қатарынан, оның алтауы – үздік 10 теннисшіге қарсы. Бұл – маусым бойындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі. Осылайша ол Арина Соболенконың Индиан-Уэллстен Мадридке дейінгі үздік сериясын қайталады. Маусымның көп бөлігінде Рыбакина ең ірі титулдарға үміткер ретінде көрінбеген еді. Бірақ қазір ол қайта түлеп, шынайы күшіне енді", – деп жазды басылым.
Бұған дейін Елена Рыбакинаның WTA-дағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатынын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript