"Қайрат" – "Олимпиакос" матчына келген испандық журналист Астананың сақылдаған сары аязында қалып қойды

Астана, Астана зимой, виды города Астаны, зима в Астане, зимой в Астане, зимняя Астана, заморозки в Астане, мороз в Астане, снег в Астане, похолодание в Астане, снегопад в Астане, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 13:01 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
DAZN спорттық басылымының тілшісі Рафаэль Эскриг Астанада өткен матчқа ұшып келіп, қаладағы ақтүтек боран мен көктайғаққа тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тілші өзінің таңданысын бейнеге түсіріп, желіге жүктеді. Оның айтуынша, видео "Астана Арена" стадионы маңында минус 30 градус температурада түсірілген.

"Қайрат" пен "Олимпиакос" кездесуін ол турнир тарихындағы Чемпиондар Лигасының ең суық матчы ретінде атады.

"Қытаймен шекаралас, Еуропа орталығынан едәуір алыс жерде алматылық "Қайрат" Чемпиондар Лигасының ойынын өткізеді. Олар матчты осы қалаға ауыстыруға мәжбүр болды, себебі өз қалаларындағы ауа-райының қолайсыздығы ойынды тек осы жерде – жабық шатырдың астында өткізуге мүмкіндік береді",- деп айтты тілші.

Ол сары аязда бес минуттан артық жүру мүмкін еместігін де жасырмады.

"Менің кірпіктерім қатып, тыныс алуым қиындай түсті. Көшеде менің әріптестерімнен басқа ешкім жоқ. Бүгінгі ойын тамаша өтуі тиіс!",- деді ол.

Бұған дейін алматылық "Қайраттың" өз алаңында "Олимпиакосқа" есе жібергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: