Алматыда атақты боксшыға көлік сыйға тартылды

Алматыда атақты боксшыға көлік сыйға тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2025 09:34 Сурет: Instagram/balkibekovaas
21 желтоқсанда атақты боксшы Алуа Балқыбековаға BYD маркалы автокөлік сыйға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша Алматы қаласының бокс федерациясы халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшыны ерекше атап өтті. Сыйлықты табыстау федерацияның жыл сайынғы конференциясы барысында өтті, ал іс-шарадан түсірілген кадрлармен Алуа Instagram парақшасында бөлісті.

Сурет: Instagram/balkibekovaas

Алуа 51 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Ливерпульде өткен World Boxing бойынша соңғы әлем чемпионатында Балкибекова "алтын" медаль жеңіп алып, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.

Бұған дейін қазақстандық тағы бір боксшы Балауса Мүздіман 27 желтоқсанда Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: