Қазақстан чемпионаты аясындағы хоккей матчы ірі есеппен аяқталды
Сурет: Instagram/hcbeibarysatyrau_official
Қазақстанның хоккейден тұрақты чемпионаты шеңберіндегі сырт алаңдағы матчта атыраулық "Бейбарыс" қарағандылық "Сарыарқадан" ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz деректеріне сәйкес, кездесу 0:8 есебімен аяқталды.
Жеңіс шайбасын соққандар құрамында: Кирилл Пономарёв, Сергей Барбашев, Руслан Дёмин, Артём Лихотников, Александр Борисевич, Егор Смолянинов, Егор Кузьменко және Евгений Королинский бар.
Осылайша, "Сарыарқа" 36 матчтан 57 ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастады. Ал "Бейбарыс" 35 ұпаймен алтыншы орында тұр.
"Сарыарқа" (Қарағанды) – "Бейбарыс" (Атырау) 8:0 (1:0, 5:0, 2:0).
Бұған дейін хоккейден жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігіндегі Қазақстан әйелдер құрамасы матчтарының кестесін ұсынған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript