Рыбакина Қытайдағы турнирде олимпиада чемпионын жеңді

Елена Рыбакина, Қытай, теннис, Белинда Бенчич, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2025 12:55 Сурет: j48tennis
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан World Tennis Continental Cup турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей сындағы қорытынды матчты Рыбакина швейцариялық, 2020 жылғы Токио олимпиадасының чемпионы Белинда Бенчичке қарсы өткізді.

Кездесу екі сетке созылып,  Елена 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – Рыбакинаның 2025 жылы жекелей сындағы соңғы кездесуі.

Отандасымыз аталған турнирде жұптық сында да бақ сынайды. Ресейлік Андрей Рублевпен бірге ол монаколық Валантен Вашеро және поляк Ига Швентектің жұбына қарсы ойын өрнегін көрсететін болады.

Елена бұл турнирде Азия құрамасын танытады. Оның құрамына ресейлік Андрей Рублев, китайлық теннисшілер Чжан Чжичжэнь мен Ван Синьюй де енеді.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: