Елена Рыбакина Қытайдағы турнирді Ига Швентекке қарсы ойынмен бастайды

Елена Рыбакина, Қытай, теннис, Ига Швентек, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 17:56 Сурет: Instagram/LenaRybakina
26-28 желтоқсан аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Құрлықтық әлем кубогының ойындары өтеді. Оған Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина да қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші World Tennis Continental Cup турнирінде Азия құрамасының намысын қорғайды. Алғашқы кездесуде Рыбакинаның қарсыласы басқа-басқа емес, планетаның екінші ракеткасы, Еуропа командасы сапында ойнайтын Ига Швентек (Польша) болмақ.

Бұдан бөлек, көрермендер Белинда Бенчич (Швейцария) – Ван Синью (Қытай) кездесуіндегі тағы бір жеке матчты тамашалай алады.

Бұл турнирде еуропалықтардың намысын Валентин Вашеро мен Флавио Коболли де қорғайды. Азия ұжымның құрамында Чжичжэнь Чжан мен Андрей Рублев те бар.

Әрбір теннисші екі рет жекелей сында, сонымен қатар бағдарламаға миксте - екі жұптық кездесу өткізеді.

World Tennis Continental Cup кестесі бойынша Елена Рыбакина 28 желтоқсанда Белинда Бенчичке қарсы өнер көрсетеді. Тап осы күнді Ига Швентек/Валантен Вашеро – Елена Рыбакина/Андрей Рублевтің жұптық кездесуі қорытындылайды деп жоспарланған.  

Бұған дейін қазақстандық каратэші әлемдік рейтингте көш бастап тұрғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: