Юлия Путинцеваның Австралиядағы WTA-500 турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Юлия Путинцеваның Австралиядағы WTA-500 турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2026 09:02 Сурет: kff.kz
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралияның Брисбен қаласында өтетін WTA-500 санатындағы турнирге іріктеу кезеңінен бастап қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, жарыстың іріктеу кезеңінің бірінші айналымында спортшы әлемнің 119-ракеткасы, австралиялық Присцилла Хонмен кездеседі.

Матч 2 қаңтар күні Қазақстан уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Брисбендегі турнирдің негізгі кезеңінің матчтары 4–11 қаңтар аралығында ұйымдастырылады. Жарыстың қазіргі чемпионы – Беларусь теннисшісі Арина Соболенко.

Бұған дейін теннистегі әлемдік рейтингте Елена Рыбакинаның үздік бестіктегі орнын сақтап қалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: