AusOpen: Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында тағы да финалда жеңіліс тапты

Анна Данилина, AusOpen, теннис, әйелдер, жұптық сын, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2026 09:18 Сурет: Instagram/AlexKrunic
31 қаңтарда жерлесіміз Анна Данилинаның қатысуымен Мельбурн корттарында теннистен Австралия ашық чемпионатының шешуші жұптық матчы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге бельгиялық Элизе Мертенс пен қытайлық Чжан Шуайға қарсы өнер көрсетті.

Бірінші сет өте тартысты өтті, мұндағы тай-брейкте сәтті ойнай білген бельгиялық-қытайлық дуэттің жолы болды. Есеп: 7:6 (7:4).

Екінші сетте қазақстандық-сербиялық жұп ойын өрнегін өзгертуге тырысты, алайда қарсыластар тағы басым түсті: 4:6.

Осылайша, қазақстандық теннисші өзінің спорттық жолында Аустралия ашық чемпионатының финалында екінші рет жеңіліс тапты. 

2022 жылы Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге финалда жеңілген болатын.  

Бүгін жекелей сында Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атаққа таласатын болады.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: