Испаниядағы турнирде 11 қазақстандық боксшы алтын медальға таласады

Бокс, Испания, финал, Қазақстан құрамасы, 7 ақпан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2026 11:26 Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан Boxam Elite-2026 турнирі өтіп жатыр. Аталған байрақты бәсекеде 11 отандасымыз финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Аман Қонысбеков (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін), Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдеге таласады.

Әйелдер арасында Назерке Серік (65 келіге дейін), Умида Садықова (80 келіден жоғары) және Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) финалда бақ сынайды.

Ал Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Азамат Бектас (80 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Гүзал Садықова (80 келіге дейін) және Элянұр Тұрғанова (48 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, аталған халықаралық турнир 7 ақпанда аяқталады.

Бұған дейін Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада алауы тұтатылып, Қазақстан құрамасының XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқанын жазған болатынбыз. Қазақстан құрамасының туын Миланда – Денис Никиша, Ливиньода – Аяулым Әміренова көтеріп шықты. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар Предаццо қаласындағы шеруге де қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: