Теннисші Анна Данилина WTA рейтингісінде үздік ондыққа енді

Анна Данилина, теннис, WTA, рейтинг, үздік ондық , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2026 22:04 Сурет: Instagram/_annadanilina_
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина әлемнің ең мықты 10 теннисшісінің қатарына қайта оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы бір сатыға көтеріліп, 10-орынға жайғасты.

Үздік ондықтың қатарына қайта көтерілуге Аннаның Australian Open–2026 турнирінде көрсеткен сәтті өнері түрткі болды. Ол бұл жарыста сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сайыста финалға дейін жетті.

Мельбурндегі турнир аяқталғаннан кейін Данилина рейтингтің 11-сатысында тұрған еді. Алайда өткен апта ішінде ол былтырғы ұпайларын қорғай алмаған латвиялық Елена Остапенконы басып озды. 

Бұған дейін, 2025 жылдың маусым айында "Ролан Гаррос" турнирінің финалына шыққаннан кейін Анна Данилина жеке рекордын жаңартып, әлемдік рейтингтің 8-орнына дейін көтерілген болатын. Ал өткен маусымды қазақстандық теннисші 15-орынмен аяқтады.

Сондай-ақ Әмір Омарханов Тунисте ITF M15 турнирінің жартылай финалына шыққан болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: