Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бір күнде төрт алтын медаль алды

Велоспорт, Евгений Федеров, Сауд Арабиясы, Азия чемпионаты, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2026 18:53 Сурет: telegram/DRSQazaqstan
11 ақпан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері үшін жемісті күн болды, отандық спортшылар бірден жоғары сынамадағы төрт медальды ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ел туын желбіретті. Отандасымыз топтық жарыста жеңіс тұығырының бірінші сатысына көтерілді. Ол 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ 50 метрден кіші калибрлі винтовкамен жатып нысана көздеу сайысында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев топ жарды.

Үшінші алтын медаль командалық сайыста үздік шыққан Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновскийлер жұлып алды.

Сондай-ақ 25 метрден жылдам атылатын тапанша бәсекесінде де Никита Чирюкин, Артемий Кабаков, Кирилл Цуканов қарсылас шақ келтірмеді.

Қысқы 2026 жылғы Олимпиаданың төртінші жарыс күнін қазақстандық спортшылар қалай аяқтағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: