Каори Сакамото Әлем чемпионатында өнер көрсетуге дайын

Каори Сакамото Әлем чемпионатында өнер көрсетуге дайын, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 09:35 Сурет: Instagram/skatingjapan
Италияда өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 25 жастағы жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Каори Сакамото 24–29 наурыз аралығында Прагада өтетін Әлем чемпионатына қатысатынын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың жазында Сакамото қазіргі маусым өзінің спорттық мансабындағы соңғы маусым болатынын мәлімдеген еді. 2026 жылы Италияда өткен Олимпиадада күміс медаль жеңіп алғаннан кейін ол әлем чемпионатына қатыса ма, жоқ па деген сұраққа нақты жауап бермеген.

Үш Олимпиадаға қатысып, әр жолы жеңіске бір қадам жақындай түскенімен, әзірге алтын медаль бұйырмады.

Сурет: Instagram/mainichi_photography

Әлем чемпионатына қатысу туралы шешімін Сакамото жапониялық News NTV газетіне берген сұхбатында айтқан.

"Бұл жарыста өзіме толық көңілім толатындай өнер көрсеткім келеді. Бар күшімді салып, қолдан келгеннің бәрін жасадым деп айта алғым келеді. Ал мансабымды аяқтағаннан кейінгі жоспарым қандай? Қазір барлық күш-жігерімді жаттығуға арнағым келеді. Болашақта әлемдік деңгейде өнер көрсете алатын спортшыларды жаттықтырғым келеді", – деді атақты спортшы.

Бұған дейін дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогының үздігі атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: