Үстел теннисінен ел құрамасының көшбасшылары Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді

Үстел теннисінен ел құрамасының көшбасшылары Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 19:20 Сурет: olympic.kz
16 наурызда Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен келген спортшылар, соның ішінде ұлттық құраманың көшбасшылары қатысады.

Атап айтқанда, Қазақстан чемпионатында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева, Ескендір Харки, Альбина Жақсылықова, Ангелина Романовская және басқа да спортшылар өнер көрсетеді.

Жарыс барысында командалық, жекелей, жұптық және аралас жұптар санаттарында медальдар сарапқа салынады.

Турнир 22 наурызда аяқталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: