Африкадан шыққан жеңіл атлет Қазақстан атынан әлем чемпионатында жалғыз өнер көрсетеді

Африкадан шыққан жеңіл атлет Қазақстан атынан әлем чемпионатында жалғыз өнер көрсетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 09:47 Сурет: Instagram/jerutonorah
2026 жылғы 20–22 наурыз аралығында Польшадағы Торунь қаласында өтетін жабық ғимараттағы әлем чемпионатына Қазақстаннан кім қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше, бұл ірі турнирде ел намысын тек Нора Джеруто қорғайды. Кенияда туған спортшы 3000 метрге жүгіруде жүлде үшін бақ сынайды. Қазақстан құрамасының тізімінде бұдан басқа спортшылар жоқ.

Айта кетейік, жақында өткен жабық ғимараттағы Азия чемпионатында Джеруто екі медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, 2022 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында да жеңімпаз атанған.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: