Қазақстандық теннисшілер Испанияда сәтті өнер көрсетуде
Сурет: Instagram/_arstnbkva_a_
Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай Испанияның Сабадель қаласында өтіп жатқан ITF сериясындағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ширек финалда қазақстандық жұп АҚШ өкілі Аяна Акли мен Португалия теннисшісі Ангелина Волощукке қарсы ойнады.
Кездесу 1 сағат 8 минутқа созылып, 6:3, 6:3 есебімен Арыстанбекова мен Дүйсебайдың пайдасына аяқталды.
Жартылай финалда қазақстандық спортшылар Испаниялық Алёна Большова мен Анджела Фита Болуда жұбымен кездеседі.
Айта кетейік, турнир 22 наурызға дейін жалғасады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 30 мың АҚШ доллары.
Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Азия чемпионаты алдында шешуші дайындық кезеңін өткізіп жатқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript