Көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде өнер көрсететін қазақстандықтар анықталды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында өтетін Гран-при сериясының үшінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жекелей жаттығулар бағдарламасында еліміздің атынан Ақмарал Ерекешева өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Қазақстан топтық жаттығуларда да бақ сынайды. Құрамға Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская енгізілді.
Франциядағы Гран-при кезеңі 4-5 сәуір аралығында өтеді.
Бұған дейін Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионы атанғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript