Ағайынды Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар үстел теннисінен Аустрия кубогында жүлделі болды

Үстел теннисі, Айдос Кенжеғұлов, Дастан Кенжеғұлов, Аустрия кубогы , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2026 17:00 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық үстел теннисі шеберлері Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар Аустрия кубогында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі кубок иегері "Штоккерау" клубы сапында Айдос Кенжеғұлов өнер көрсетеді. Олар финалда "Вельс" командасын 3:1 есебімен жеңіп, өз тарихында төртінші рет жүлдеге ие болды.

Айдос финалда бір кездесу өткізіп, қарсыласын 3:0 есебімен айқын жеңді.

Ал Дастан Кенжеғұлов "Баден" клубының құрамында турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын. Сондай-ақ Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) қарсыласы жарыстан бас тартқанына байланысты тікелей жартылай финалға шықты.

Ал Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: