Бублик Монте-Карлодағы ATP 1000 турнирінде Монфисті екі сетте жеңді

Бублик Монте-Карлодағы ATP 1000 турнирінде Монфисті екі сетте жеңді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2026 20:45 Сурет: instagram/bublik
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Монте-Карлода өтіп жатқан ATP 1000 турнирінің екінші айналымынан сәтті өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 199-орында тұрған франциялық Гаэль Монфиспен кездесті.

Матч 1 сағат 17 минутқа созылып, Бубликтің 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық спортшы беделді "Мастерс" санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты.

Бубликтің келесі қарсыласы чехиялық Иржи Легечка (ATP рейтингінде 13-орын) мен чилилік Алехандро Табило (39-орын) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

2026 жылы Монте-Карлодағы турнирдің жүлде қоры – 6 309 095 еуро. Жеңімпаз 974 370 еуро сыйақы алып, ATP рейтингінде 1000 ұпай еншілейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: