Қазақстан көркем гимнастикадан Ташкенттегі Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

Қазақстан көркем гимнастикадан Ташкенттегі Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2026 14:01 Сурет: olympic.kz
Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топтық жаттығуларда спортшыларымыз күміс медаль жеңіп алды. Көпсайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 51,25 ұпай жинады.

Ел намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.

Бірінші орынды 55,90 ұпаймен Қытай құрамасы иеленсе, Беларусь гимнастары 51,10 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Бүгін, 12 сәуірде жекелей жаттығулар бойынша финалдық бәсекелер өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: