Қазақстандық құзға өрмелеушілер Қытайдағы Азия чемпионатында қалай өнер көрсетті

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Қытайдағы Азия чемпионатында қалай өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2026 19:14 Сурет: olympic.kz
Қытайдың Мэйшань қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты өтті. Турнирде қазақстандық спортшылар жарыс бағдарламасының барлық түрлерінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қиындық" бағдарламасында Алексей Панфилов 39-орын, Глеб Семешкин 43-орын, Азат Майкотов 45-орын алды. Ал әйелдер арасында Полина Андреева 32-орын, Дарья Кузьменко 33-орын, Виктория Адаменко 34-орынға жайғасты.

"Жылдамдық" бағдарламасында Дамир Тоқтаров 10-орын, Әмір Маймұратов 13-орын, Ришат Хайбуллин 15-орын, Бекнұр Алтынбеков 17-орын, Жандос Қалыбай 38-орын алды. Әйелдер арасында Аделия Утешева 22-орын, Анна Баларшина 23-орын, Арина Новицкая 24-орын, Тамара Ұлжабаева 27-орынға тұрақтады.

"Боулдеринг" бағдарламасында Азат Майкотов 38-орын, Алексей Панфилов 45-орын, Вадим Ишмухаметов, Глеб Семешкин, Кымсан Цой 47-орында жарысты аяқтады. Әйелдер арасында Полина Андреева 33-орын, Дарья Кузьменко 36-орын, Айханым Айдарханқызы 37-орын, Виктория Адаменко 38-орын алды.

Бұған дейін еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: