Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингте жоғарылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2026 17:08 Сурет: ktf.kz
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін ұлттық құрама тоғызыншы сатыда тұрған еді. Соңғы жаңартылған тізімде Қазақстан жетінші орынға көтеріліп, үздік бестікке біртабан жақындай түсті.

Бұл оң өзгеріс Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Канада құрамасын жеңудің нәтижесінде мүмкін болды. Астанада өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Осы жеңіс қазақстандық теннисшілерге 2026 жылдың күзінде Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді.

Италия – әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Екінші орынды Ұлыбритания сақтап қалса, үздік үштікті Украина түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: