Бакудегі сенсация: қазақстандық спортшы Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

Бакудегі сенсация: қазақстандық спортшы Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2026 20:57 Сурет: Астана әкімдігі
Көркем гимнастикадан Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен әлем кубогының 3-кезеңінде ел намысын қорғаған Ақмарал Ерекешева жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева алғаш рет ересектер деңгейіндегі ірі халықаралық жарысқа қатысып, таспа жаттығуында 27.000 ұпай жинап, қола медаль иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • 1-орын: Дарья Варфоломеева (Германия, Париж Олимпиадасының чемпионы) – 28.800 ұпай;
  • 2-орын: София Раффаэли (Италия, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) – 28.500 ұпай;
  • 3-орын: Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) – 27.000 ұпай.

Ақмарал Ерекешева жарыс барысында Азия ойындарының чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан), әлем чемпионатының жүлдегері Таисия Онорийчук (Украина) және Болгария өкілі Стилияна Николованы артта қалдырды.

Сондай-ақ жерлесіміз көпсайыс нәтижесінде үздік ондыққа енді.

Бұған дейін Қазақстан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: