Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында Арина Соболенконы басып озды
Сурет: j48tennis
Әлемдік рейтингте екінші тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында ұпай саны бойынша Арина Соболенконы басып озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында бірінші орнын сақтап қалды (4103 ұпай). Ал Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші орында тұр (4015 ұпай). АҚШ теннисшісі Джессика Пегула үшінші орынға жайғасты (2970 ұпай).
Қазақстандық Юлия Путинцева рейтингте екі сатыға төмендеп, қазір 41-орында (562 ұпай) тұр. Ал Зарина Дияс төрт орынға төмендеп, 267-сатыға түсті (11 ұпай).
WTA чемпиондық жарысы тек ағымдағы маусым нәтижелері бойынша жинақталатын жүйемен есептеледі. Маусым соңында ең үздік сегіз теннисші іріктеліп, Әйелдер теннис қауымдастығының қорытынды турниріне қатысады.
Бұған дейін Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript