17 жастағы боксшы Азиядағы беделді турнирде Қазақстанның намысын қорғап, жеңіске жетті

17 жастағы боксшы Азиядағы беделді турнирде Қазақстанның намысын қорғап, жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2026 19:58 Сурет: ҚР ҰОК
Ташкент қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық боксшы Бекхан Уразбай 52 кг салмақ дәрежесінде келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, 1/8 финал кездесуінде ол Қырғызстан өкілі Байхан Алишеровпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек тартысты өтті, алайда шешуші раундта басымдық қазақстандық боксшы жағында болды. Нәтижесінде ол қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Уразбай беделді турнирдің келесі кезеңіне өтіп, медаль үшін күресін жалғастырады.

Бұған дейін Алматы облысында стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: