Михаил Шайдоров мұз үстінде Джексонның аңызға айналған биін қайталады
Сурет: instagram/olympickz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында тарихи "алтын" медаль жеңіп алғаннан кейін, жаттығу сәтінен жаңа бейнежазбасын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода ол Майкл Джексонның аты аңызға айналған Billie Jean әніне қойылған бағдарламасын орындайды.
Сондай-ақ спортшы өнер иесінің әйгілі "ай жүрісін" (moonwalk) де қайталайды.
Еске салайық, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) тарапынан "Үздік костюм" номинациясына ұсынылғанын жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript