Рыбакина Римдегі ширек финалда жарыс жолын аяқтады
Сурет: Instagram/LenaRybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіліп, жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
sportarena.kz мәліметінше, әлемнің екінші ракеткасы саналатын Рыбакина ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 10-орында тұрған украиналық теннисші Элина Свитолинамен кездесті.
Үш сетке созылған тартысты матчта Свитолина 2:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 25 минутқа созылды.
Ойын барысында Рыбакина 20 брейк-пойнт мүмкіндігінің төртеуін ғана тиімді пайдаланды. Сондай-ақ жеті эйс жасап, бес рет қос қателікке жол берді.
Ал Свитолина бес қос қателік жіберіп, бір эйс орындады және 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды. Осы матчтан кейін екі теннисшінің өзара кездесулеріндегі есеп теңесті — 4:4.
Енді Элина Свитолина турнирдің жартылай финалында әлемнің үшінші ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript