Рыбакина мен Швёнтекті жеңді: Римдегі турнирде Свитолина финалға шықты

Рыбакина мен Швёнтекті жеңді: Римдегі турнирде Свитолина финалға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2026 11:16 Сурет: j48tennis
Римде өтіп жатқан теннис турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны жарыстан шығарған украиналық спортшы Элина Свитолина әлемнің үшінш ракеткасы Ига Швёнтекті де жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу 2 сағат 16 минутқа созылды.

Сурет: j48tennis

Матч барысында Свитолина 2 эйс жасап, 6 қос қателік жіберді. Сондай-ақ, 9 брейк-пойнттың 6-ын тиімді пайдаланды.

Ал Швёнтек 2 эйс, 1 қос қателік жіберді. Бұл ретте, 16 брейк-пойнттың 5-еуін жүзеге асырды.

Осылайша 6:4, 2:6, 6:2 есебімен ойын Свитолинаның пайдасына аяқталды.

31 жастағы Элина Свитолина 2017 және 2019 жылдары WTA рейтингінде әлемнің үшінші ракеткасы атанған алғашқы украиналық теннисші ретінде танымал. Ол Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері және көптеген WTA турнирлерінің жеңімпазы. 2021 жылдың сәуірінде ол француз теннисшісі Гаэль Монфиспен некелескенін жариялаған, ал 2022 жылдың қазан айында олардың қызы дүниеге келген.

Енді финалда Свитолина америкалық теннисші Кори Гауффпен кездеседі.

Бұған дейін Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева үстел теннисінен Түркиядағы турнирде қола жүлде иеленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: