Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: қазақстандық жасөспірімдер алғашқы медаліне қол жеткізді

Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан алғашқы медаліне қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 18:21 Сурет: Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі
Гонконгта жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы медаліне қол жеткізді.

Ел қоржынына жүлдені Мария Щипачева салды. Спортшы үш қарғып секіруде қола медальға ие болды.

Қазақстандық атлет ең үздік мүмкіндігінде 12,70 метр нәтиже көрсетті. Алтын медальді қытайлық Ицин Се жеңіп алды - 13,36 метр. Екінші орынды үндістандық Садхана Рави еншіледі - 12,84 метр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: