Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды

Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 18:50 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күнінде отандастарымыз қола медаль жеңіп алды.

Аралас жұптар арасындағы техникалық бағдарламада Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов үздік үштікке енді. Қазақстандық спортшылар төрешілердің шешімімен 208,6150 ұпай жинады.

Жарыста Ұлыбритания өкілдері Изабель Торп пен Ранджуо Томблин топ жарып, 225,9034 ұпаймен алтын медаль иеленді. Ал испаниялық Карла Лоренсо Льюска мен Энеко Санчес Агилар 210,8792 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Артур Майданов пен Айғаным Саим жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Олар 207,0650 ұпай жинап, жарысты төртінші орынмен аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: