Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына шықты

Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 23:10 Сурет: ktf.kz
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатындағы сәтті жолын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші айналымда отандасымыз (WTA жұптық рейтингінде 6-орын) сербиялық Александра Круничпен бірге Майя Джойнт (Австралия) / Хенне Вандевинкель (Бельгия) тандемін айқын басымдықпен ұтты. Жарыстың 2-ші нөмірлі жұбы саналған Данилина мен Крунич алғашқы геймдерден-ақ кортта үстемдік орнатып, өз геймдерінде сенімді ойнады. Кездесу 6:2, 6:3 есебімен екі сетте аяқталды.

Париждегі Үлкен дулыға турнирінің ширек финалына жолдама алу үшін қазақстандық-сербиялық дуэт украиналық Даяна Ястремская мен Ангелина Калинина жұбына қарсы кортқа шығады.

Анна Данилина әйелдер арасындағы бәсекеден бөлек, микст (аралас сында) бағдарламасында да бақ сынап жатыр. Ертең отандасымыз америкалық Джей-Джей Трэйсимен бірге турнирдің үшінші айналымына өту үшін кезекті матчын өткізеді.

Қазіргі уақытта Анна Данилина биылғы "Ролан Гаррос" додасында ел намысын қорғап жатқан Қазақстанның соңғы өкілі болып қалып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: