Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына шықты

Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2026 19:00 Сурет: ktf.kz
Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатындағы жолын сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз алғашқы кездесуде (WTA жұптық рейтингінде 6-орын) сербиялық Александра Круничпен бірге Чехия өкілдері Джессика Малечкова мен Мириам Шкох тандемін айқын басымдықпен ұтты. Жарыстың 2-нөмірлі жұбы саналған Данилина мен Крунич алғашқы геймдерден-ақ бастаманы өз қолына алып, маңызды ұпайларда қатесіз ойнады. 1 сағат 25 минутқа созылған матч 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.

Олар екінші айналымда Майя Джойнт (Аустралия) / Хенне Вандевинкель (Бельгия) дуэтіне қарсы кортқа шығады.

Анна Данилина әйелдер арасындағы бәсекеден бөлек, Парижде микст (аралас сында) бағдарламасында да бақ сынайды. Бұл сында оның серігі америкалық Джей-Джей Трэйси болмақ.

Қазіргі уақытта Анна Данилина мен Юлия Путинцева – Франция ашық чемпионатының әйелдер арасындағы жарысында ел намысын қорғап жатқан соңғы теннисшілеріміз.

Еске салайық, бұған дейін ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина екінші айналымда жеңіліп, турнирді мерзімінен бұрын аяқтаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: