Отандық спортшы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде қос жүлдеге ие болды

Әртістік жүзу, Италия, Әлем кубогы кезеңі, Алдияр Рамазанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2026 09:26 Сурет: olympic.kz
Әртістік жүзуден Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы екінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы ел қоржынына олжаны Алдияр Рамазанов салды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, үшінші орынға табан тіреді. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 223,0833 ұпай жинады.

Италиялық Филиппо Пелати 229,7325 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Испаниялық Энеко Санчес Агилар 228,4342 ұпаймен күміс медальға ие болды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Виктор Друзин жарысты бесінші орынмен аяқтады. Оның нәтижесі - 203,5667 ұпай.

Айта кетейік, бұл - Алдияр Рамазановтың аталған турнирдегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол Ясмина Исламовамен жұптасып, техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: