Қазақстандағы жастар арасындағы мықты теннисші "Ролан Гарростың" ширек финалына шыға алмады

Заңғар Нұрланұлы, Париж, теннис, Ролан Гаррос, бразилиялық, Леонарду Шторк Франка , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 19:59 Сурет: Instagram/ktf.kz
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымында бразилиялық Леонарду Шторк Франкаға жол беріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 жастағы қазақстандық спортшы матчты сәтті бастап, алғашқы сетте қарсыласынан басым түсті. Есеп 4:1 болған тұста брейк жасаған Нұрланұлы алғашқы партияны 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Екінші сетте де Занғар брейкпен алға шыққанымен, басымдықты сақтай алмады. Тай-брейкте бразилиялық теннисші 7:3 есебімен жеңіске жетіп, матч тағдырын шешуші сетке қалдырды.

Үшінші партияда Нұрланұлы 4:5 есебінде екі матчболды қайтарып, есепті теңестірді. Алайда кездесудің соңын сәтті өткізген Леонарду Шторк Франка 6:3, 6:7 (3:7), 5:7 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 53 минутқа созылды.

Бұған дейін 2026 жылы 1 маусымда Заңғар Нұрланұлы "Ролан Гаррос" турнирінің 1/8 финалына шыққаны хабарланған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: