Қазақстан құрамасы бадминтоннан Арменияда өткен турнирде бес медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстанның бадминтон құрамасы Арменияның Ереван қаласында өткен European Youth Gran Prix халықаралық турнирінде бес жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жекелей сында Арслан Орманов чемпион атанды.
Ал Вероника Моисеенко күміс жүлдеге ие болды.
Моисеенко жұптық сында да екінші орын алды.
Осы бағдарламада Арслан Орманов қола жүлдегер атанды.
Аралас жұптар сайысында Арслан Орманов пен Вероника Моисеенко қола медаль жеңіп алды.
Бұған дейін Қазақстан боксшылары Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңін сәтті бастағаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript