Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының ең әдемі ойыншылары анықталды

Родриго де Пол, Футбол, 2026, Әлем чемпионаты, рейтинг, ең әдемі футболшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 17:41 Сурет: Instagram/rodridepaul
Көптеген сарапшы әртүрлі номинациялар бойынша үздік футболшылардың тізімін жариялады. Бұл жолы ойыншылардың қабілеттерінен бөлек, қазіргі турнирдің барлық атақты адамдары арасында "әдемісі кім" деген рейтинг те жасалыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасанды интеллектпен жұмыс істеуге маманданған сарапшылар 2026 жылғы әлем чемпионатының ең танымал 150 футболшысының келбетін симметрия, тепе-теңдік және бет үйлесімділігін танытатын "алтын қатынас" негізінде талдады. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша қазіргі мундиалдағы ең әдемі ойыншы ретінде Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Родриго де Пол атанды. Лионель Мессидің "Интер Майамидегі" серіктесі 74,18% рейтингке ие болды.

Бұл рейтингте екінші орынға Германия құрамасының шабуылшысы Кай Хаверц (74,1%) орнықты. Жүлделі үштікті Англия құрамасының көшбасшысы Нони Мадуэке (73,29%) түйіндейді.

Одан кейін мысырлық Мохамед Салах (73,27%), бразилиялық Эндрик (73,25%), кәріс спортшысы Сон Хын Мин (73,24%) тұр.

Кай Хаверц, футбол, 2026, Әлем чемпионаты, рейтинг, әдемі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 17:41

Сурет: Instagram/kaihavertz29

Ал әйгілі португалдық шабуылшы Криштиану Роналду бұл тізімде тек 45-орынға ие болды.

"Ол - өзінің имиджіне өте мұқият қарайтын футболшылардың бірі, бірақ мұнда ол 45-орынға жайғасып, бұл "алтын арақатынастың" қаншалықты ерекше екенін байқатады. Ол стиль, харизма немесе танымалдылықты есепке алмайды, тек бет пропорцияларына басымдық береді".Аталған рейтингті жасаушылар

41 жастағы ойыншының өзі бұл күндері бір-ақ нәрсені күйттейді: қалай да гол соғып, 2026 жылғы әлем чемпионатында өз командасына жеңіс әкелуді.

 Бұған дейін Катарға қарсы матчта Канада құрамасының ойыншысы ауыр жарақат алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: