Қазақстанның бес боксшысы Қытайдағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Қазақстанның бес боксшысы Қытайдағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2026 19:07 Сурет: olympic.kz
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасының бес өкілі халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.

50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай жартылай финалда Мартин Сальвадордан басым түсті. Ал 54 келіге дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай тайландтық Натничи Чонгпронглангты жеңді.

60 келіге дейінгі салмақтағы Виктория Графеева өзбекстандық Ситора Турдибекованы жеңіп, финалға шықты. Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) иорданиялық Зейяд Ишаишті ұтты. Ал 90 келіден жоғары салмақтағы Айбек Оралбай бразилиялық Жоэль Рамосты жарыс жолынан шығарды.

Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жартылай финалда жеңіліп, турнирді қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 21 маусым күні өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: