"Сутьеска" – "Қайрат": алматылық клуб Черногорияға жетті

"Сутьеска" – "Қайрат": алматылық клуб Черногорияға жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 11:37 Сурет: Instagram/f.c.kairat
13 шілдеде алматылық "Қайрат" футбол клубының ойыншылары УЕФА Чемпиондар лигасының қарымта кездесуі алдында Черногорияға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клубтың Instagram желісіндегі ақпаратқа қарағанда, команда алдымен Черногория астанасы Подгорицаға қонып, кейін матч өтетін Никшич қаласына жол тартқан. Футболшылар бұл жерде "Край Бистрице" стадионында алғашқы жаттығуын өткізіп, сондай-ақ жартылай қорғаушы Азамат Тұяқбаевты 19 жасқа толған туған күнімен құттықтап үлгерген.

"Сутьеска" – "Қайрат": алматылық клуб Черногорияға жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 11:37

Сурет: Telegram/FC Kairat Almaty

Еске салайық, Алматыда өткен алғашқы кездесуде "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық клуб сапынан қорғаушы Лукас Африко мен шабуылшы Марк Гуаль гол соқты.

"Сутьеска" – "Қайрат" арасындағы қарымта матч Қазақстан уақыты бойынша 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні сағат 00:00-де басталады.

Бұған дейін FIFA рейтингіндегі үздік төрт құрама жартылай финалға шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: