Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан бес алтын медаль ұтып алды
Сурет: olympic.kz
Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы аталған бәсекеде бес алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Айнара Сейітжанова (48 келіге дейін), Нұрбала Зайнул (52 келіге дейін), Ролан Қайырғали (66 келіге дейін), Гүлсезім Тұрлыбек (78 келіге дейін), Санжар Ерұланұлы (100 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.
Ал Дамеля Асылханова (63 келіге дейін), Ерасыл Ержанов (66 келіге дейін), Мұхамедали Закиров (73 келіге дейін), Руслана Махатова (78 келіден жоғары) күміс медальға ие болды.
Айзат Наукенова (48 келіге дейін), Айдана Абиханова (63 келіге дейін), Шынар Бітімбай (70 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Бұған дейін Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript