Волейболдан Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатын жеңіспен бастады

 Волейбол, Қазақстан құрамасы, Орталық Азия чемпионаты, Пәкістан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 18:38 Сурет: olympic.kz
Қазақстанның ерлер құрамасы Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан Орталық Азияның ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы ойында қазақстандық волейболшылар Непал құрамасын 3:2 (25:19, 25:21, 35:34, 19:25, 15:9) есебімен жеңді.

Ертең, 23 шілдеде, Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен кездеседі. Турнир барысында жерлестеріміз сондай-ақ Шри-Ланка, Пәкістан және Бангладеш құрамаларына қарсы ойын өткізеді.

Бұған дейін Пәкістанның Исламабад қаласында волейболдан Орталық Азияның ашық чемпионаты өтетіні хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: