Қазақстан спортшысы қозғалмалы нысанаға оқ отудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Валат Мусаев, Таллин, Қазақстан, қозғалмалы нысанаға оқ оту, жасөспірімдер, Әлем чемпионаты, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 19:07 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы Таллинде (Эстония) өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқу атудан әлем чемпионатында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, турнир аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Валат Мусаев алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ атудан (аралас жаттығу) үздік нәтиже көрсетті.

Ал Оңтүстік Корея өкілі Чэхён Бэ екінші орын алса, финляндиялық Уильям Эрик Вилькман үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 26 шілдеде аяқталады.

Бұған дейін волейболдан Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатын жеңіспен бастағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: