"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта "Омониядан" жеңілді

"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта "Омониядан" жеңілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 11:16 Сурет: Instagram/omonoiafootball
Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Кипрдің "Омония" клубынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесудегі жалғыз гол ойынның алғашқы минуттарында соғылды. Алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Панайотис Андреу Әділет Садықбековтың сәтсіз пасынан кейін қорғаныста кеткен қателікті тиімді пайдаланып, командасын алға шығарды.

Бірінші таймның екінші жартысында "Омония" бір ойыншысынан айырылды. VAR жүйесіндегі бейнеқайталауды көрген төреші Луиш Матуды Жоржиньо Негоға қарсы жасаған өрескел ойыны үшін қызыл қағазбен алаңнан қуды.

Осыдан кейін сан басымдығына ие болған "Қайрат" бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, гол соға алмады.

Екінші таймда алматылық клуб ойын тізгінін өз қолында ұстауға тырысты. Алайда алаң иелері қорғаныста сауатты ойнап, қарымта шабуылдармен жауап беріп отырды.

"Омония" (Никосия, Кипр) – "Қайрат" (Алматы, Қазақстан) – 1:0 (1:0)

  • Панайотис Андреу, 13-минут (1:0).

Қызыл қағаз: Луиш Мату, 35-минут ("Омония").

Айта кетейік, қос команда арасындағы қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: