Қазақстандық каратэші Жапониядағы турнирде алтын жеңіп алып, 10 миллион жапон иеніне ие болды

Қазақстандық каратэші Жапониядағы турнирде алтын жеңіп алып, 10 миллион жапон иеніне ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 16:38 Сурет: telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi
Қазақстан құрамасы Жапония астанасы Токиода аяқталған шинкиокушинкай каратэден беделді "Чемпиондардың чемпионы TOP-9" халықаралық жарысында 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ерлер арасында Анджей Кинзерский барлық қарсыласынан айласын асырып, алтыннан алқа тақты.

Жартылай финалда ол Энтас Хаускастан (Литва) 5-0 есебімен басым түсті. Финалда Анджей тағы бір отандасымыз Антон Зимаревпен күш сынасты. Антон Паулюс Зимантасты ұтып, шешуші жекпе-жекке жолдама алған.

Атап өтерлігі, биыл жарыс барысында алғаш рет екі шетелдік спортшы ақтық сынға шығып отыр. Нәтижесінде Анджей бас жүлде 10 миллион жапон иеніне, ал Антон 2 миллион иенге ие болды.

Қазақстандық каратэші Жапониядағы турнирде алтын жеңіп алып, 10 миллион жапон иеніне ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 16:38

Сурет: telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi

Жалпы турнир ерлер арасында әлемнің таңдаулы 9, әйелдер арасында 8 үздік татами шеберінің басын қосты.

Еске сала кетейік, Анджей Кинзерский былтыр жалпы ұлттық Жапония чемпионатында топ жарып, мұндай көрсеткіш тіркеген тұңғыш шетелдік спортшы атанған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: